ЖЭО-да апат болып, бір жұмысшы көз жұмды
Ақмола облысы Степногорск қаласында жылу электр орталығында апат болып, бір жұмысшы қаза тауып, үшеуі жарақат алды. Жазатайым оқиға кеше мердігер ұйымның қызметкерлері №2 қазандық агрегатында су экономайзерін жөндеп жатқанда болған. Жарақат алған үш адамның жағдайы тұрақты, олардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір олар ауруханада дәрігерлердің жіті бақылауында. Мемлекеттік еңбек инспекциясы оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрды. Сондай-ақ Полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, жан-жақты тергеу амалдары жүріп жатыр.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12