US OPEN 2025: Елена Рыбакина екінші айналымға өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

US OPEN 2025: Елена Рыбакина екінші айналымға өтті

26.08.2025

Елена Рыбакина жекелей сындағы жарысты сәтті бастады. Қазақстандық теннисші АҚШ-та өтіп жатқан «Үлкен дулыға» турнирінің бірінші айналымында әлемдік әлемдік рейтингте 338-орында тұрған америкалық 16 жастағы Джульетта Пареханымен кездесті. Бірінші сетте отандасымыз жеңіске деген ұмтылысын айқын көрсете белді. Матчтың алғашқы кезеңінде жергілікті спортшыдан 6:3 есебімен басым түсті. Ал шешуші сетте қарсылас бірде-бір ұпайға иелік ете алмай, ойсырай жеңілді. Елена қатарынан 6 геймді өз еншісіне жазды. Ойын бар-жоғы бір сағатқа жалғасты. Енді отандасымыз үшінші айналымға өту үшін 18 жастағы чехиялық Тереза Валентованы жеңуі керек.

Елена Рыбакина, теннистен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі:

Жеңіске жеткенім үшін өте қуаныштымын. Қарсыласым өте жас спортшы, бірақ жасына қарамастан өте жақсы ойнайды деп ойлаймын, техникасы да әдемі. Сондықтан оның болашағы зор деп сенемін. Бүгін әсіресе допты ойынға қосуым көңілімнен шықты. Алғашқы матч әрқашан оңай болмайды. Келіп қолдағандарыңыз үшін көп рақмет айтамын.

Алты турнир қатарынан бірінші айналымда жеңіліп келе жатқан Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева бұл жолғы жарысты жеңіспен бастады. Ол дүниежүзілік рейтингте 85-орында тұрған италиялық Элизабетта Кочареттодан басым түсті. Бірінші сетте италиялық спортшы 4:1 есебімен алға шыққанда Путинцева камбэк жасап, қатарынан бес геймді өзі еншісіне жазды. Яғни, бұл партияның 6:4 есебімен түйіндеді. Екінші сет тартысты өтті. Матч тай-брейкке жалғасып, қазақстандық теннисші 7:6 есебімен жеңісті жұлып әкетті. Отандасымыз үшінші айналымның жолдамасын ресейлік Анна Калинскаямен сарапқа салады.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу