Таяу Шығыста қаза тапқандар арасында 5 журналист бар
Газа секторының оңтүстігіндегі Хан-Юнис қаласындағы ауруханаға Израиль жасаған шабуылдан 20 адам қаза тапты. Марқұмдардың 5-еуі - журналист. Медицина қызметкерлері де оққа ұшқан. Олар бірінен кейін бірі жасалған екі соққыдан опат болған. Қаза тапқан журналистер Associated Press, Reuters, Al Jazeera және Middle East Eye-ны қоса алғанда бірқатар халықаралық БАҚ-на жұмыс істеп, Газа секторынан хабар таратқан. Қайғылы оқиғаны БҰҰ, әлем елдерінің лидерлері, бұқаралық ақпарат құралдары еркіндігі бойынша топтар сынға алды. Олар Израильді атысты тоқтатуға, бейбіт тұрғындар мен журналистерді қорғауға үндеді. Екі апта бұрын Газа секторындағы "әш-Шифа" ауруханасына жасалған израильдік шабуылдан да 5 журналист қаза тапқан еді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22