Бір ай ішінде мыңнан астам мопед айып тұрағына қойылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Яғни, мопед жүргізушілер арасында жол ережесін бұзатындар азаймай тұр. Жедел профилактикалық іс-шара аясында 3 мыңнан астам құқық бұзу дерегі анықталған. Ал Алматы полициясы көшелерде электровелосипедтердің саны көбейіп келеді. Мамандардың мәліметінше, қала тұрғындары электровелосипедті мопедтің баламасы ретінде пайдалана бастаған. Бұл тіркеу талабын айналып өтудің бір жолы, дейді полицейлер. Олардың сөзінше, электровелосипедтердің техникалық сипаттамалары сағатына 40–45 шақырым жылдамдыққа дейін жетеді. Ал қуаты 400 Вт-тан басталады. Бұл көрсеткіштер оларды автоматты түрде мопедтер санатына енгізеді. Тиісінше олар міндетті түрде тіркеліп, техникалық паспорты, мемлекеттік нөмірі және сақтандыруы болуы қажет дейді. Еске салайық, биыл ел аумағында 5 сәуірге дейін мопедтерді ресми тіркеу міндеті қойылды. Қазіргі таңда заңға сәйкес 48 мыңнан аса мопед тіркелген.
Айдана Қуантхан
