Астанада бос жұмыс орындарына жәрмеңке ұйымдастырылды
«Жастар Рухы» жастар қанаты Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды. Шараға 3 мыңға жуық адам қатысқан. Бұл жәрмеңке студенттерді, түлектерді және жұмыс берушілерді біріктірген маңызды алаңға айналды. Жастар ұлттық компаниялардан бастап, өнеркәсіптік кәсіпорындарға дейін 70-тен астам компанияның өкілдерімен бетпе-бет сөйлесті. Олар жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы біліп, алғашқы сұхбаттан өтті. Дәл осындай шара еліміздің барлық облыс орталықтарында да өтіп жатыр. Соңғы 2 жылда осындай шаралардың нәтижесінде 55 мыңнан астам жас жұмысқа орналасты.
Ақерке Искандерова, «Amanat» партиясы «Жастар рухы» ЖҚ төрағасы:
Бұл жерде жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер бір алаңда жиналып, байланыс орната алады. Ең басты мақсатымыз – жастар әрбір компанияға барып, жұмыс іздеп жүрмей, осы жерге оларды шақыртып, жастарға жағдай жасау. Шара бүкіл республика бойынша жыл сайын өткізіледі.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03