Басты Жаңалықтар Қазақстан азаматы тегін ауыстыру үшін нені білуі керек?

Қазақстан азаматы тегін ауыстыру үшін нені білуі керек?

Қазақстанда әрбір азамат өзінің есімі мен тегін өзгертуге құқылы. 16 жастан бастап ата-анасының немесе қамқоршысының жазбаша келісімімен рұқсат етіледі. Ол үшін АХАТ бөліміне немесе тұрғылықты мекенжайы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына қажетті құжаттарды тапсыру қажет.

Өтініш 5 жұмыс күні ішінде қаралады.

Қажет құжаттар: жеке куәлік, туу туралы куәлік, неке туралы куәлік (бар болса), балалардың туу туралы куәліктері, сондай-ақ мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртек.

Аты-жөнін өзгерткеннен кейін диплом мен аттестаттан басқа барлық құжатты ауыстыру міндетті. Биыл Алматы қаласы бойынша 2 431 адамнан осындай өтініш түскен.

Есімі мен тегін ауыстыру:

5 жұмыс күні (күнтізбе бойынша)

Жеке куәлік, туу туралы куәлік, болса неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәліктері

Мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртек

Диплом, аттестат (ауыстырылмайды)

2025 жыл, Алматы қаласы – 2 431 өтініш.

Ақниет Балтанова

Бөлісу