Колледждерге құжат қабылдау мерзімі ұзартылды
Елімізде колледждерге құжат қабылдау және конкурстық іріктеу мерзімі ұзартылды. Себебі «eGov» порталы мен «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесінде техникалық ақау болған. Жүктеменің мөлшерден көп болуына байланысты колледжге түсуге өтінім беру кезінде талапкерлер үшін уақытша техникалық қиындықтар байқалды. Жауапты министрлік қазір барлық ақаулар жойылғанын хабарлайды. Талапкерлер үшін құжаттарды қабылдау және конкурстық іріктеу мерзімі ұзартылды. Нақты уақытқа тоқталсақ, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша – 24 тамызға дейін, педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша – 25 тамызға дейін және орта буын мамандарын даярлау мамандықтары бойынша – 27 тамызға дейін құжат қабылданады.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17