ҚХП: «Конституция – ел дамуының берік іргетасы»
«Конституция – елдің қарқынды дамуына, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға кепілдік береді». Астанада Ата заңның 30 жылдығына орай өткен дөңгелек үстелде осындай пікір айтылды. Ал жиында сөз алған депутат Марат Бәшімов «бас құжат – азаматтың құқықтары мен бостандықтарының берік іргетасы» деді. Жиында заң үстемдігін дамыту, сот төрелігі жүйесін жетілдіру және демократиялық институттарды нығайту мәселелері де талқыланды. Басқосуға Қазақстан халық партиясы мұрындық болды.
Марат Бәшімов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, заңгер:
Биыл Конституцияның 30 жылдық мерейтойы аталып өтуде. 2022 жылы оған енгізілген өзгерістердің басты мақсаты – адам құқықтарын жоғары деңгейге көтеру, қоғамдық бақылауды күшейту, құқық қорғау институттарын дамыту болды. Атап айтқанда, адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты, Конституциялық сот, сайлау принциптері, жергілікті мәслихаттарды тағайындау тәртібі және билік тармақтарының саяси жауапкершілігі ерекше маңызға ие.
Данияр Қайыртай
Автор
Данияр Қайыртай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22