Астанада гендерлік теңдікке арналған халықаралық конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада гендерлік теңдікке арналған халықаралық конференция өтті

22.08.2025

Астанада «30 жылдық прогресс: әйелдер мен ерлердің құқығы және мүмкіндіктерінің теңдігіне тұрақты жол» атты халықаралық конференция өтті. Жиын ел Конституциясының және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына арнайы ұйымдастырылған.

Жұлдыз Сүлейменов, Мәжіліс депутаты:

Біздің Конституциямыздың 33-бабында жалпы бізде бәрі тең ғой. Жынысына, нәсіліне қарап, тіліне қарап, бөлмейміз. Соның негізінде теңдік, мүмкіндік мәселесі, орнықты даму мәселесіне кеңінен көңіл бөлініп келеді.

Конференция барысында Қазақстанда гендерлік теңдік бағытында атқарылған жұмыстар талқыланды. Мысалы 2024 жылы «Әйел құқықтарын қорғау және баланың қауіпсіздігін сақтау туралы» заңнамаға енгізілген өзгерістердің нәтижесінде «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» криминализацияланды. Сондай-ақ осы уақытқа дейін халық 2400 әкімді сайласа соның 205-і әйел адам. Елдегі жоғары оқу орындары басшыларының 25 пайызын да әйелдер құрайды. Ал «Ауыл аманаты» жобасына қатысқандардың 28 проценті әйелдер. Яғни осыншама қыз-келіншек мемлекеттен қолдау алып өз кәсібін ашқан.

Азиза Шужеева, ҚР Прзеиденті жанындағы әйелдері істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі:

Бүгінде әйелдер экономикада белсенді. Шағын және орта кәсіпкерлікте де әйелдердің үлесі жоғары. Мысалы Қазақстанда тіркелген жеке кәсіпкерлердің 58 пайызы әйелдер. Технологиялық бағытқа қызығушылардың қатары күн санап артып келеді десем артық айтпағаным. Мұндағы әйелдердің үлесі шамамен 30 пайызға жетіп қалды.

Елдос Есенбол

Хабарламаларға жазылу