Бішкекте Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы аталып өтті
Бішкекте әйгілі күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Әлқисса» шығармашылық кеші өтті. Концерт Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапары аясында ұйымдастырылған. Алматы облысының үздік өнерпаздары Абдылас Малдыбаев атындағы ұлттық опера және балет театрын ерекше күйге бөледі. Сахнада «Сазген», «Құлансаз» ансамбльдері, «Алтынай» би тобы, Секен Тұрысбеков, Зарина Алтынбаева, Нұркен Әшіров және халықаралық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетті. Мәдени іс-шараға композитордың қызы Динзухра Тілендиева құрметті қонақ ретінде қатысып, қырғыз халқына ризашылығын білдірді. Бауырлас елдің әртістер де Нұрғиса Тілендиевтің шығармаларын орындап, арадағы достық байланыстың жарқын үлгісін көрсетті.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05