Газа секторында аштықтан қаза тапқандар саны 270-тен асты
Газа секторында соңғы тәулікте 2 адам аштықтан қайтыс болған. 2023 жылдың 7 қазанынан бері аштықтан қаза тапқандардың саны 271-ге жеткен. Марқұмдардың 112-і бала. Мұны палестиналық анклавтың денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Бұл дерекке сай, 2 мыңнан астам адам аштықтан зардап шегіп, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Израильдің шабуылдары мен толық блокадаға ұшыраған Газа секторының тұрғындары гуманитарлық апатты бастан кешіріп жатыр. Мұнда азық-түлік, су, дәрі-дәрмек, тазалық құралдары тапшы. Оның үстіне үйлерінен кетуге мәжбүр болған газалықтар ескі палаткалар мен адам лық толы мектептерді паналап жүр. Аймақтық және халықаралық ұйымдар Израиль аштық мен шөлді қару ретінде пайдаланып отыр деп айыптады.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04