Ақтөбеде сушиден уланып, жансақтау бөліміне түскен екі адамның жағдайы жақсарды
Сушиден уланып, жансақтау бөліміне түскен екі ақтөбеліктің жағдайы жақсарды. Олар бүгін палатаға шығарылды. Бұған дейін жапон тағамынан сегіз адам уланып қалғанын хабарлаған едік. Оның екеуі - бала. Асханаға үйден тапсырыс берген тұрғындар біраз уақыттан соң өздерін жайсыз сезінген. Олар жедел жәрдеммен клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Екі адам емдеу мекемесіне жатудан бас тартып, үйлеріне жіберілді. Дәрігерлердің айтуынша, басқаларының да жағдайлары тұрақты. Ал санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары тамақтану орнын тексеріп жатыр.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04
Өкпе обыры скринингке енеді
21.10.2026, 13:02
Шығыста қар жауып, жолдар жабылды
21.10.2026, 13:00
45 млрд теңгенің мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаған топ әшкереленді
21.10.2026, 11:11