Қарағандыда қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны салынып жатыр
Қарағанды облысының Абай қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон салынып жатыр. Нысан биыл қыркүйек айында қолданысқа берілуі тиіс. Мәжіліс депутаты Никита Шаталов құрылыс барысын көріп қайтты. Мұнда жылдық қуаттылығы 15 мың тонна болатын қоқыс сұрыптау желісі іске қосылады. Сондай-ақ пластикті қайта өңдейтін пресс-станоктар, шикізатты уақытша сақтайтын алаңдар мен қалдықтарды көметін траншеялар бар. Электронды автомобиль таразылары да орнатылған.
Никита Шаталов, Парламент Мәжілісінің депутаты:
Қоқыс – еліміздегі күрделі мәселелердің бірі. Осындай желілердің көптеп ашылуы қиындықтан бірте-бірте шығуға мүмкіндік береді деп ойлаймын. Себебі қалдықтарды құр жинау – қоршаған ортаға зиян. Сондықтан оларды өңдеп, өнім шығару керек.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05