Ақтөбеде әйелін ұрып өлтірген тұрғын 8 жылға сотталды
Ақтөбеде әйелін ұрып, жазым еткен тұрғынға сот үкімі шықты. Енді ол 8 жылын абақтыда өткізеді.
Жәбірленуші бірнеше мәрте басынан ауыр соққы алған. Одан кейін жағдайы бірден нашарлаған. Алайда, ауруханаға барудан бас тартқан. Жедел жәрдем екінші рет келгенде ғана емдеу мекемесіне жеткізіліп, жан сақтау бөлімінде қайтыс болған. Сот отырысы барысында оның күйеуінің бір ай бұрын да қол көтергені анықталды. Ол кезде ешқандай көмек шақырмаған. Сот-медициналық сараптама соққының салдарынан марқұмның миында ісік пайда болғанын көрсеткен. Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындады. Ол 8 жылға бас бостандығынан айрылды. Сот жедел жәрдем қызметінің жұмысында анықталған кемшіліктерді жоюға қатысты облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысына жеке қаулы шығарды.
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
