Алматылық еріктілер тыл ардагерінің үйін жинап, ауласын күл-қоқыстан тазартты
Алматылық еріктілер тыл ардагерінің үйін жинап, ауласын күл-қоқыстан тазартты. Бірнеше қап қалдық шығарды. «Таза бейсенбі» акциясы аясында 20 ерікті 93 жастағы Татьяна Савостинаға көмек көрсетті. Тыл ардагері жүруден қалған. Ал туыстары кезек-кезегімен күтім көрсетеді. Сондықтан эко-белсенділердің жәрдемі зейнеткердің көңілін бір марқайтып тастады.
Айта кетейік, еріктілер ай сайын жәрдемге мұқтаж зейнеткерлердің үй шаруасына көмектесіп тұрады.
Аяулым Сман, ерікті:
Алматы қаласының өзінде тыл ардагерлері өте көп және ол кісілердің кейбірінің қолында балалары жоқ. Үй шаруасына өздерінің де жағдайы келмейді. Сондықтан ол кісілерге жастардың күші керек. Жастарға да бұл адамгершілікті, мейірімділікті дәріптеу үшін маңызды деп санаймыз.
Нұрдәулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05