Қарағанды облысында инфрақұрылымды жаңғыртуға 4 жылда 13 трлн жұмсалады
Президент Жолдауы аясында коммуналдық саланы, әсіресе инфрақұрылымды дамытуға басымдық беріледі. Себебі елдегі инженерлік желілердің 50%-ның тозығы жеткен. Мәселен, қазір Қарағанды облысында «Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» Ұлттық жобасы қолға алынды. Пилоттық жоба ретінде биыл «Қарағанды Жарық» компаниясының 218 шақырым тоқ желілері қайта жөнделуде. Ал Теміртау қаласында 16 шақырым жылу желілері ретке келтірілмек. Бүгін Қарағанды қаласында Ұлттық жобаны жүзеге асыру мәселелері семинар-кеңесте талқыланды. Алдағы 5 жылда жоба республика бойынша жүзеге аспақ.
Тимур Қосымбаев, ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы:
Бүгінде елімізде инфрақұрылымды дамыту басты назарда. Сондықтан Ұлттық жоба қолға алынды. Қазіргі таңда Қарағанды облысында 2 пилоттық жоба іске асуда. Осы арқылы жобаның жүзеге асуын толықтай түсіндіретін боламыз. 2025-2029 жылдар аралығында барлық облыстар бойынша 13 трлн теңгеден аса қаражатты игеру жоспарда тұр.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан Адам дамуы деңгейі бойынша әлемдегі үздіктер қатарына енді
24.07.2026, 12:28
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22