Абай облысы Бестерек ауылында болған оқыс оқиғада қаза болған 2 жасар баланы бүгін туыстары жер қойнауына тапсырды. Ал Үржар аудандық ауруханасында ауыр халде жансақтау бөлімінде жатқан 9 жасар қыздың жағдайында еш өзгеріс жоқ. Жасанды тыныс алу аппаратының көмегімен дем алып жатыр. Астанадан келген білікті дәрігерлер ішкі ағзаларына, бас миына бірнеше операция жасаған болатын. Мамандар бала есін жиып, жағдайы тұрақталса бірден Астанаға апаруға дайын екендіктерін мәлімдеді.
Мадина Ноғайбаева, Үржар аудандық ауруханасы басшысының орынбасары:
Бас миына трепанация отасы жасалды. Қазіргі кезде жағдайы тұрақты ауыр. Әлі ешқандай өзгеріс жоқ. Бірқалыпты. Жасанды тыныс алу аппаратында. Қазіргі кезде күтуден басқа амал жоқ. Ешқандай болжам айта алмаймыз.
Осы Үржардан елордаға санавиациямен жеткізілген балалардың да жағдайы әлі ауыр. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, 9 жастағы қыз бен 6 жастағы ұл бала жансақтау бөлімінде жатыр.
Ержан Жақып
