Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
«Хакім Абай өз шығармаларында араб, парсы, түркі мен батыс еуропалық ойды тоғыстырған ақын. Шығыс пен батыс әдебиеті арасында алтын көпір бола білді». «Отандастар» қорының басшысы Ержан Мұқашұлы ойшыл хақында осылай деп пікір білдірді. Абайдың өлеңдері мен қара сөздері тұнып тұрған философия. Ислами құндылықты, шығыстық және еуропалық таным-түсінікті біртұтас гуманистік тұжырымдамаға біріктірген. Бұл идеялар ұлттар арасындағы рухани қарым-қатынасты ерекше байыта түсті. Әр кезеңде өмір сүрген шайырлар арасында шығармашылық байланысты тереңдетуге негіз болды, дейді ол.
Ержан Мұқаш, «Отандастар» қорының басқарушы директоры:
Абай мен Науайы байланысы арасында бірнеше ғасыр болса да, өте терең деп ойлаймын. Кейінгі ұрпақ алдындағы ұрпаққа еліктеп өседі ғой. Сондықтан өзбек халқының мақтанышы Науайы болса, біздің мақтанышымыз Абай. Мысалы, Астанада Науайыға ескерткіш орнатылған. Алматыда көше бар. Ташкенттің қақ ортасында Абайға ескерткіш орнатылғанында терең мән бар деп ойлаймын.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05