Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
Курортты Бурабай аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында биыл қоқысты шығару жиілігі 2 есеге артқан. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өңірлік қоғамдық кеңес мүшелері туристік аймаққа экологиялық мониторинг жасап, санитарлық тазалығына талдау жасады.
Енді Бурабай аумағындағы жекеменшікке өтіп, қоршауға алынған ақылы жағажайға биылғы жаздан бастап кез келген тұрғынның тегін кіруіне болады. Бүгінде Бурабай айналасында бір ғана қоғамдық жағажай бар. Жергілікті билік өкілдері келесі жылдан бастап олардың санын бірнеше есеге арттыруды көздеп отыр. Сондай-ақ кеңес мүшелері курортты аймақта тегін автотұрақтар санын арттыру қажет дейді.
Қабдуәли Құлышев, облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы:
Көлікті қай жерге қойсаң да, жүгіріп келіп, ақша сұрайды. Ақылы не ақысыз болуы керек, барлығын қараңыздаршы деп айтқанмын. Бізге халықтан өте қымбат, демала алмаймыз, бізді көлдің басына жібермейді деп, көп хат түседі. Қазір көлдің жағалауына кіру үшін ақша төлемейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05