Қажылыққа апаратын компаниялар енді конкурс арқылы іріктеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қажылыққа апаратын компаниялар енді конкурс арқылы іріктеледі

20.08.2025

Қажылыққа апаратын компаниялар енді конкурс арқылы іріктеледі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық пен Умраға апаратын туристік операторларды анықтау үшін арнайы конкурс жариялады. Бұл бастама адал әрі әділ бәсекелестік қалыптастырып, қауіпсіздікті күшейтеді. Байқауға осы салада кемі бес жылдық тәжірибесі бар, әрі заң талаптарына сай жұмыс істейтін компаниялар қатыса алады.

Үміткерлерге қойылатын талаптар: алдымен Діни басқармаға ресми өтініш хат жолдау керек. Сондай-ақ туроператорлық қызметке мемлекеттік лицензия болуы шарт. Салық органдарында тіркелгенін және тиісті төлемдерді жасағанын растайтын құжаттар ұсынуы тиіс. Қазақстан мен Сауд Арабиясы заңдарын бұзбау қатаң талап етіледі. Ең маңыздысы ел аумағында халыққа қызмет көрсете алатын кеңсенің болуы қажет. Құжаттар 18–31 тамыз аралығында hajj@muftyat.kz поштасына қабылданады. Белгіленген мерзімнен кеш тапсырылған өтініштер қаралмайды.

Ернұр Медет


Хабарламаларға жазылу