Пәкістанның Карачи қаласында алапат су тасқыны болды
Пәкістанның Карачи қаласында алапат су тасқыны болды. Санаулы сағатта қалаға 145 милиметр жауын жауған. Көшелер өзенге айналды. Жолдарды су басып, электр қуаты үзілген. Күн күркіреп, нөсер жаңбыр жауып, тасқын күшеюі қаупі әлі сейілген жоқ. Ал елдің Хайбер-Пахтунхва провинциясында болған тасқыннан қаза тапқандар саны 358-ге жеткен. Олардың 200-ден астамы Бунер ауданының тұрғындары.
Йеменде ел астанасын су басты. Йемен астанасы Сана мен Аден қалаларын алапат тасқын жайлады. Күні бойы дамылсыз нөсер жауын жауған. Табиғи апат кезінде бірнеше адам жараланды. Үйлерге зақым келген. Ауа райы болжамына сай, жаңбыр бейсенбіге дейін жалғасуы мүмкін.
Арай Төлеген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05