Атырауда дауыл соғып, бірнеше ғимарат бүлінді
Бұл Атырау облысы Индер ауданындағы жағдай. Кеше қатты жел тұрып, аудан орталығы Индербор кентіндегі бірнеше ғимараттың шатырын ұшырып әкетті.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Апаттан зардап шеккендер жоқ. Кеше түстен кейін жарты сағатта 1 айлық мөлшердегі жауын жауып, қатты жел тұрды. Салдарынан Индер ауданында бірнеше ғимарат бүлініп, электр бағаналары құлады. Көпқабатты пәтер, Шоқан Уалиханов атындағы мектеп, балалар спорт залының және «Талап» базарының шатыры құлап, Ботақан ойын алаңының тас-талқаны шыққан. Аудан орталығынан Есбол ауылына қарай қатынайтын жолда электр сымдары үзіліп, бағаналар құлаған. Жауаптылар Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлерімен шұғыл жиын өткізіп, қазір бүлінген аумақты қалпына келтіріп жатыр. Атырау Жарық компаниясы электр бағаналарын қайта орнатуда. Сондай-ақ облыс орталығы Атырауда да кеше нөсер жауып, дауыл тұрды. Бірақ ешқандай ғимаратқа зақым келмеді. Небәрі бір сағаттың ішінде тұрғындардан 100-ден астам өтініш түскен. Көшелерге жиналған суды сору үшін қазір 10 вакуум техникасы жұмыс істеуде.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16
Кеншілер әулетіндегі жас маман атакәсіпті жалғастырды
21.10.2026, 20:15
Жолаушылар пойызы интернетпен қамтылды
21.10.2026, 20:13
Қызылордада инвестициялық жобалардың құрылысы басталды
21.10.2026, 20:11
Қытайда робот өндірісінде 6G технология қолданылды
21.10.2026, 20:08
АҚШ-тың арнайы өкілі Путинмен кездесіп, Украинадағы соғысты тоқтату мәселесін талқылады
21.10.2026, 20:08