Мектепке даярлық: Бір балаға қанша қаражат жұмсалады?
Қыркүйек қыр астында. Көзді ашып, жұмғанша жаз маусымы да өте шықты. Мектепке дайындық қызу. Әсіресе, базарлар мен сауда үйлерінде тыным жоқ. Мектепке қажетті киімдермен оқу құралдардың саудасы жүріп-ақ тұр. Әріптесім, Раушан Сайлауқызы таңмен таласып, дүкендерді аралап, бір балаға қанша қаражат жұмсалатынын анықтап көрді.
Раушан Сайлауқызы, тілші:
Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күн қалды. Дәл осы уақыт ата-аналар үшін тым қарбалас кезең. Мен де бірінші сыныпқа баратын қызым Айзерені мектепке дайындаймын. Сонымен бір баланың киім кешегі, оқу-құралына қанша қаражат жұмсалады. Қазір бірге көреміз. Алдымен киімнен бастайық. Киімге таңдау көп, сапасы да көңілімізден шықты. Өзіміздің отандық өнім, - дейді дүкен иесі. Бағасы қалай екен?! Сонымен осы киімдердің барлығын аламыз деп шештік. Жұмсалған жалпы сома 65000 теңгеден асты.
Раушан Сайлауқызы, тілші:
Сонымен киім-кешек алынды, оқу-құрал таңдалды. Киімге жұмсалған қаражат – 65000 теңге. Оқу-құралына – 25000 теңге. Бір балаға біз бүгін 90 мың теңге жұмсадық.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04