Ресейдің 36 өңірінде орман өрті өршіп барады
Ресейдің 36 өңірінде орман өрті дес бермей тұр. Әсіресе Бурятия, Красноярск, Орынбор облыстарында жағдай мүшкіл. Өртті ауыздықтауға барлығы 600-ден астам техника 1500 маман жұмылдырылды. Соңғы бір аптада іргелес елде жалпы аумағы 40 мың гектар болатын ірі орман өрті сөндірілген. Енді Ресейде орман өртіне қасақана, не байқамай себепші болғандар 1 миллион рубль айыппұл төлейді. Орман өртінен зардап шеккендерге өтемақы тағайындалады.
Олег Буряк, ТЖМ қызметкері:
Қатты желдің салдарынан ормандағы өрт саяжайларға да тарады. Салдарынан тілсіз жаудан үйлер зардап шекті. Бір ғана саяжайда 70-тен астам адам өртпен күресуде.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05