Президент Ақмола облысының әкімін қабылдады
Ақмола облысында жаңа оқу жылы қарсаңында үш ауысымды мектептердің мәселесі толық шешілді. Екі жыл ішінде 21 мың оқушыға арналған 33 мектеп салынды. Президенттің қабылдауында болған облыс әкімі Марат Ахметжанов осылай деп есеп берді. Өңірде ауыл шаруашылығын дамытуға, инвестициялық жобалардың санын арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықты баспанамен қамтуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Екі жыл ішінде 4700 ақмолалық баспаналы болған. Кездесу соңында Президент реновация бағдарламасы арқылы халықтың әлеуметтік осал тобын баспанамен қамтудағы облыстың оң тәжірибесін атап өтіп, бірқатар тапсырма берді.
Марат Ахметжанов, Ақмола облысының әкімі:
Ақмола облысында 5,5 млн Га жерге дән себілді. Өздеріңізге мәлім Ақмола облысы агропромның жүрегі болып саналады. Қазіргі таңда инвестиция тартып, алған астықты терең өңдеу мәселесі бойынша 4 индустриялық орталық ашып отырмыз. Оның біреуі республикалық деңгейде.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза көмір» технологияларына көшу жұмысы жеделдей түседі
19.12.2025, 20:59
Отандық тарихтың Қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
19.12.2025, 20:58
Цифрландыру - 2025 жылдың басты жетістігі
19.12.2025, 20:57
Сарапшы: Жасанды интеллект дәуірінде медианың этикасы қалыптасуы керек
19.12.2025, 20:56
Астанада жаңажылдық шыршалардың шамы жағылды
19.12.2025, 20:50
Биыл елімізде 2,8 млн ағаш отырғызылды
19.12.2025, 20:48
Ақтөбеде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» форумы өтті
19.12.2025, 20:45
«Астана» ХҚО соты және ХТО жылды қорытындылады
19.12.2025, 20:13