Биыл мұнай мен конденсат өндірісінің көлемі 15,3 миллион тоннаға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл мұнай мен конденсат өндірісінің көлемі 15,3 миллион тоннаға жетті

18.08.2025

Елімізде соңғы 7 айда мұнай мен конденсат өндірісінің көлемі 15,3 миллион тоннаға жетті. Ал табиғи және ілеспе газды өндіру көлемі 6,7 миллиард текше метрден асты. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған «ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасы Асхат Хасенов баяндады. Ол Президентке ұлттық компанияның биылғы жеті айда атқарған жұмысының нәтижелері жөнінде есеп берді. Сондай-ақ қолданыстағы кен орындарын қосымша барлау үшін жеті ұңғыманы бұрғылау жоспарланып отыр. Оның үшеуі бұрғыланды. Батыс Прорва, Өріктау және Рожков кен орындарында газ өңдеу көлемін ұлғайту жобалары жүзеге асырылып жатыр. Биыл отандық мұнай өңдеу зауыттарында 10,4 миллион тонна мұнай өңделді. Бұдан бөлек, қуаты 247 МВт болатын гибридті электр стансасының құрылысы жүріп жатыр. Президент геологиялық барлау және ірі инвестициялық бастамаларды іске асыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Асхат Хасенов, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

Президенттің қабылдауында болдым. 7 айдың өндірістің және қаржылық көрсеткіштері жөнінде баяндадым. Бұдан басқа Президенттің тапсырмалары әлеуметтік бағыттар және инвестициялық жобалар бойынша баяндадым. Бірінші бағыт геологиялық барлау жұмыстары. Бұл бойынша «Қазмұнайгаз» АҚ қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда Атырау, Маңғыстау, БҚО облыстарында барлау жұмыстарын атқарып жатырмыз.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу