Израильдегі мыңдаған шеруші соғысты тоқтатуды талап етті
Израиль қалаларында мыңдаған адам шеруге шығып, Газа секторындағы соғысты тоқтатуды талап етті. Демонстранттар үкіметті «Хамаспен» келісім жасап, оның кепілдігіндегі адамдарды босатуға шақырды.
Бизнесмендер мен түрлі мекемелердің басшылары қызметкерлерінің жаппай митингке шығуына рұқсат берген. Сондықтан талай кәсіпорын жабылып қалды.
Жергілікті халықты ашындырған тағы бір мәселе - премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың Газа аймағын басып алу жоспары. Шерушілердің ойынша, осы мақсатта әскери науқан кеңейетін болса, кепілдіктегі израильдіктер қырғынға ұшырауы мүмкін.
Айта кетсек, қазір «хамастықтардың» қолында 50 шақты тұтқын қалды. Солардың 20-сы әлі тірі болуы мүмкін.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05