Еуропадағы орман өртін өшіру қиындап барады
Еуропа елдері орман өртімен алысып жатыр. Испанияда тілсіз жаудың кесірінен 158 мың мың гектар жер өртеніп кетті. Бұл Лондон қаласының аумағымен пара-пар, дейді билік өкілдері. Тілсіз жаудан бұл елде 3 адам, Португалияда 1 адам қаза тапты. Грекия, Испания, Португалия үкіметі қазір тұрғындарды жаппай оқшаулауға кірісті. Төтенше жағдаймен күреске өрт сөндірушілерден бөлек әскерилер, тұрғындар жұмылдырылғанымен, өртті ауыздықтау мүмкін болмай тұр. Сондықтан Еуропаның бірнеше мемлекеті ЕуроОдақтың өрт сөндіру қызметінің көмегіне жүгінді. Жақын күндері желдің жылдамдығы сағатына 74 шақырым болатынын айтқан синоптиктер өрт одан сайын күшеюі мүмкін, деп дабыл қағуда.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17