Түркістан облысындағы Біркөлік шатқалы қоқысқа толып қалған
Түркістан облысында туризмнің дамуы қоршаған ортаға кері әсерін тигізіп жатыр. Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен облыстық қоғамдық кеңес мүшелері Біркөлік шатқалында арнайы тексеру жүргізді. Нәтижесінде демалушылардан кейін табиғатқа үлкен зиян келіп жатқаны анықталды. Өзен жағалауы мен шатқал ішін полиэтилен пакеттер мен пластикалық қалдықтар басып қалған. Биыл жұмысшы топтың тексерісінен кейін су қорғау белдеуінде орналасқан 85 кәсіпкерлік нысанына Акт түзілді. Жинақталған іс-құжаттар сот қарауына ұсынылды. Заңсыз қоқыс үйіндісін алдын-алу мақсатында бейнебақылау камераларын орнату үшін өтінім жолданды.
Құрмет Керімбеков, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі:
Мысалы, 50 мың демалушы келетін болса, біз оның соңына 50 мың тазалықшы қоя салмаймыз. Ол мүмкін емес нәрсе. Одан да халықтың мәдениетін қалыптастырып, үйреткен дұрыс. Ең таза жер – ол шашпай жүрген жер. Яғни, патриотизм деген ол өзінің туған жеріне, өзінің еліне деген сүйіспеншілігі ғой. Экологиялық мәдениет жеңіл айтылғанымен, оның мағынасы өте терең.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05