Атырауда 23 жастағы фельдшерді атып кетті
Атырауда 23 жасар фельдшерді атып кетті. Күдіктілер ұсталды. Қазір мамандар тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Оқиға қала сыртындағы Химиктер кентінде кеше түнде болған. Қазір көріп тұрғандарыңыздай, атыс болған жерді полиция қызметкерлері осылай қоршап қойған. Қайтыс болған жігіт 23 жаста, Атырау қаласының тумасы, ауруханада фельдшер болып жұмыс істеген. Алғашында бұл жерде бір топ азаматтар сөзге келісе алмай, жаппай төбелес болған. Артынан достары сол күні жұмыстан шығып, үйінде демалып жатқан Азамат Асылбекұлын көмекке шақырған. Алайда ол келген сәтте жағдай одан әрі ушығып, төбелескендердің бірі Азаматқа тапаншамен оқ атқан. Алған жарақаттарының салдарынан ол осы жерде жан тапсырған. Қазір төбелеске қатысқан барлық адам ұсталып, қамауға алынды. Оларға қатысты «адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Қайтыс болған азамат жуырда отау құрған.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16
Кеншілер әулетіндегі жас маман атакәсіпті жалғастырды
21.10.2026, 20:15
Жолаушылар пойызы интернетпен қамтылды
21.10.2026, 20:13
Қызылордада инвестициялық жобалардың құрылысы басталды
21.10.2026, 20:11
Қытайда робот өндірісінде 6G технология қолданылды
21.10.2026, 20:08
АҚШ-тың арнайы өкілі Путинмен кездесіп, Украинадағы соғысты тоқтату мәселесін талқылады
21.10.2026, 20:08