Пәкістанда тасқыннан 300-ден астам адам қаза тапты
Пәкістанда екі күн қатарынан жауған нөсер жауыннан 337 адам қаза тапқан. Ел астанасы Исламабадтан 3 жарым сағаттық жердегі Бунер округінде 200-ден астам із-түзсіз жоғалып кетті. Мұнда 1 сағатта 150 милиметр жауын жауған. Нөсер жауыннан кейін су тасқыны болып, найзағай жарқылдап, лай көшкіні жүрген. Жергілікті биліктің мәліметінше, қазір іздеу-құтқару, жолдарды тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Нөсер жауын көршілес Үндістан мен Непал халқын да әбігерге салды. Ал ауа райы болжамы көңіл көншітерлік емес. Дамылсыз жауын Пәкістанда қыркүйектің басына дейін жалғасуы ықтимал.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05