Елімізде қарқынды дамып жатқан спорт түрлерінің ішінде шорт-трек те бар. Бұл қысқы спорт түрінен соңғы екі жылда Ұлттық құрама нәтижесі жақсарып келеді. Әсіресе, биылғы маусым тарихтағы ең үздік кезең болып есте қалмақ. Қазақстан шорт-трекшілері Қытайдың Харбин қаласында өткен Азия ойындарында тұңғыш алтын медалін жеңіп алды. Жүлдені 5 мың метр эстафетада ерлер командасы иеленді. Ал әйелдер 3 мың және 2 мың метр аралас эстафетада екінші орыннан көрінді. Бұдан бөлек, жекелей сында да көзге түскен спортшыларымыз бар. Қазір ұлттық құрама Олимпиадаға дайындалып жатыр. Олармен шетелден келген 4 маман жұмыс істеуде. Спортшылар күзде Олимпиада жолдамасы сарапқа салынатын 4 лицензиялық жарысқа қатысады.
Мәдіғали Қарсыбеков, Шорт-тректен ұлттық құрама командасының кеңесші-бапкері:
Көктемнен бері дайындық өтіп жатыр. Дайындықтың көбі осы Алау мұзайдынында өтіп жатыр. Команда жақсы дайындалып жатыр. Жоспар бойынша медаль алуымыз керекпіз. Соған шамамыз да бар, спортшыларымыз да дайын. Көктемде Түркияда биіктікте дайындалдық, қалған дайындықтар осы Астанада өтіп жатыр.
Асылбек Данияр
