Тамыздың үшінші жексенбісі – спорт күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тамыздың үшінші жексенбісі – спорт күні

16.08.2025

Елімізде тамыз айының әр үшінші жексенбісі – Спорт күні. Қазір Қазақстанда спортты дамытуға және оны танымал етуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен спорттық инфрақұрылым саласында ауқымды жобаларды жүйелі іске асыру жалғасуда. Мәселен, былтыр республика аумағында 90 спорт нысаны салынды. Оның 61-і ауылдық жерде болса, қалғаны қала мен аудан орталығында бой көтерген. Ал жыл басталғалы 32 спорт нысаны пайдалануға берілді. Сондай-ақ елімізде бірқатар спорт түрі дамып келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша футбол ең танымал спорт түрі болған. Елімізде 1 миллионнан астам адам футбол ойнайды. Бір қызығы, олардың жартысынан көбі ауылда тұрады. Екінші орында - волейбол. Бұл спорт түріне 760 мыңнан астам адам қызығады. Үшінші орында – баскетбол. Онымен 540 мыңнан астам адам айналысады. Сондай-ақ үздік ондыққа жеңіл атлетика, үстел теннисі және тоғызқұмалақ сияқты спорт түрлері кірді.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу