18 тамыз – Шекарашылар күні
18 тамыз – ел тыныштығы үшін күні-түні қызметте тұрған Шекарашылар күні. Мереке қарсаңында дәл қазір Астанада концерт өтіп жатыр. «Жетісу» саябағындағы шарадан әріптесім Жанел Нұрболатқызы тікелей эфирге қосылуға дайын.
Жанел Нұрболатқызы, тілші:
Еліміздегі ең қырағы қызметтің бірі шекарашылардың кәсіби мерекесін астаналықтар бүгін екінші күн қатарынан мерекелеп жатыр. Кеше концерт Ханшатырда өтсе, енді ашық аспан астында Жетісу саябағында басталды. Мұнда отансүйгіштікке шақыратын туындылардан бастап дәстүрлі әндер, жастар арасында кеңінен танымал шығармалар да орындалады. Өнерпаздардың астаналықтарға тағы қандай тартуы бар? Ұйымдастырушылардан сұрап білейік.
Әліби Пернеханұлы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Құрмет қарауылы ротасының әскери қызметшісі:
Биыл Қазақстанның шекара қызметінің құрылғанына 33 жыл толады. Күн сайын 10 мыңға жуық әскери қызметкер кезекшілікке шығып, ел тыныштығын күзетеді. Бүгінгі концертті тамашалауға осы жауапты қызметті атқарып жүрген сарбаздар да келген.
Құрметті астаналықтар, сіздер де концертке келіңіздер. Әлі екі сағат болады. Ал бүгін үлгермей қалсаңыздар, ертең 16:00-де Жастар сарайында гала-концерт өтеді. Онда да дәстүрлі әншілер, эстрада жұлдыздары өнер көрсетпек.
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04