ШҚО-да әйелдер форумы өтті
Шығыс Қазақстан облысында әйелдер форумы өтті. «Re.Women» – бұл «Respublica» партиясы жанынан құрылған, іскер және белсенді әйелдерді біріктіретін жаңа форматтағы қауымдастық. «Әйел және қоғам: жаңа мүмкіндіктер уақыты» деп аталған жиын осымен еліміздің бесінші аймағында ұйымдастырылуда. Жарты жыл ішінде Қарағанды, Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында өткен форум жыл соңына дейін әр өңірде жалғасын таппақ. Бүгінде қауымдастық құрамында 1500-ден астам әйел бар. Бұрымдыларды біріктірудегі басты мақсат – іскер жандар мен көпбалалы аналарды қолдау.
Екатерина Смолякова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
ШҚО мен өзімнің алып жүрген, Мәжілісте көтеріп жүрген тақырыптарым аясында өте стратегиялық аймақ. Мен негізі қазіргі таңда Қазақстандағы туризм, әлеуметтік кәсіпкерлік, инклюзия сұрақтары, білім беру, балалар қауіпсіздігі сұрақтарын көтеріп, осы бағыттарда жұмыс жасап жүрмін.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27