Қазақстандықтар цифрлық теңгені қолданып, дүкенде сауда жасай алады. Ұлттық банк қолға ұстауға келмейтін ақшаның мүмкіндіктерін түсіндірді. 2025 жылдың наурызынан бастап криптокарталар іске қосылған.
Ол арқылы цифрлық активтерді бірден теңгеге ауыстырып, дүкенде немесе онлайн төлем жасауға болады. Қазір бұл жоба пилоттық режимде жүзеге асып жатыр. Жалпы, Қазақстан банктері 2022 жылдан бері Астана халықаралық қаржы орталығының цифрлық актив биржаларымен және төлем сервистерімен жұмыс істеп келеді. Қаржы секторы бір жағынан қатаң ережелер мен лицензиялауды, екінші жағынан заманауи бақылау технологияларын бірге қолданады. Бұл күдікті төлемдерді тез анықтап, бұғаттауға көмектеседі.
Арлен Молдабеков, ҚР Ұлттық банкі Инновация және цифрлық активтер басқармасының бастығы:
Әріптестіктер қазірдің өзінде дамып келе жатыр. Қазіргі кезде бұл жұмыс жаңа өзара іс-қимыл тетіктері Ұлттық банктің реттеуші құнсалғышы арқылы сынақтан өткізу режимінде жүргізіліп жатыр. Ол бірлескен есеп айырысу шешімдері және активтерді такинизациялау. Бұл тәсіл сервистердің тиімділігін және тұрақтылығын басқарып, олардың жүзеге асу мүмкіндігін тексеру үшін жасалған.
Елдос Есенбол
