Бүгін қазақтың саз әлеміне өшпес із, өлмес мұра қалдырған ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына – 95 жыл. Халықты ән бесігіне тербеген дара дарынның шығармаларының тақырыптық, мазмұндық ауқымы кең. Вальс королі атанып кеткен сазгердің 300-ден аса әні бар. Соның ішінде «Арыс жағасында», «Сыған серенадасы», «Кешікпей келем деп ең» сынды әндері ел арасында кең тараған.
Шәмші Қалдаяқовтың әндері – халық жан дүниесінің бейнесі. Әр нотасында жүректі тербейтін сыр, даланың кеңдігі, жастықтың жалынды жыры жатыр. Арыс жағасын жағалап, Сыр сұлуына сапар шеккен ұлы композитордың әндерін жас та, жасамыс та жатқа біледі, жадында сақтаған.
Шәмші Қалдаяқов елге, жерге, дос-жаранға деген сүйіспеншілікті шығармаларына арқау етті. Мәселен, «Менің Қазақстаным...» әні халықтың тарихымен, тыныс-тіршілігімен үндесіп жатыр.
Сөйтіп «Менің Қазақстаным...» әні композитор өмірден өткеннен кейін араға 14 жыл салып еліміздің Әнұранына айналды. Ал 1991 жылы оған Қазақстанның Халық әртісі құрметті атағы берілді. 2015 жылы Қазақстанның Еңбек Ері атағы тағайындалды. Оның үні мен әні – халық жүрегінде.
Айдана Қуантхан
