Мемлекеттік кірістер комитеті сән-салтанат салығын салу тәртібін түсіндірді
Мемлекеттік кірістер комитеті сән-салтанат салығын салу тәртібін түсіндірді. Елімізде мұндай төлемді енгізу мәселесін Президент 2022 жылғы жолдауында көтерген. Содан бері жан-жақты талқыдан, терең сүзгіден өтті.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Қымбат мүлік пен бұйымдарға салынатын сән -алтанат салығы олардың құнына байланысты есептеледі. Мәселен, арнайы салықтың салынуы үшін автокөліктің құны 18 мың айлық есептік көрсеткіштен асуы керек. Биыл бұл сомма 70 млн теңгеден асады. 100 млн теңгеге жуық яхталар мен ұшақтар да осы санатта. Бағасы 500 мың теңгеден асатын алкоголь өнімдері мен 10 мың теңгеден асатын темекі өнімдері үшін де арнайы салық төлеу міндеттеледі. Енді бұл салық қалай есептеледі? Осыған тоқталайын. Жоғарыда айтылған соммадан қымбат мүліктер үшін салық және оған қоса құнының 10% мөлшерінде акциз төленеді. Егер барлық жылжымайтын мүліктеріңіздің жалпы соммасы 450 млн теңгеден асса, төлем басқаша есептеледі. Минималды салық 3 млн теңгеге жуықтайды. Оның үстіне 450 млн теңгеден асқан сумманың 2 пайызы салық ретінде төленеді. Ал арзан әрі ескі көліктерге керісінше жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы, 10 жылдан ескі автокөліктерге 30%, 20 жылдан асқандарға 50 пайыз жеңілдік беріледі.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістанда «Қыран елім – Қазақстаным!» салтанатты іс-шарасы өтті
25.10.2025, 18:01
Ақтөбеде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы бойынша жаңа мектеп ашылды
25.10.2025, 17:33
Мәдениет және ақпарат саласы үздіктеріне мемлекеттік награда табысталды
25.10.2025, 17:32
Президенттің атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті
25.10.2025, 17:32
Н.Ахмедова Әлем чемпионатында қола медаль еншіледі
25.10.2025, 17:30
Алматыда асыл тұқымды тазы иттерінің көрмесі өтіп жатыр
25.10.2025, 17:30
Абай облысында жаңа саябақ ашылды
25.10.2025, 17:30
Қазақстан Республикасы Президентінің үстел теннисінен Халықаралық Ашық Кубогы басталды
25.10.2025, 17:30