Сарапшылар: Конституциялық реформалар демократиялық институттардың дамуына жол ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар: Конституциялық реформалар демократиялық институттардың дамуына жол ашты

15.08.2025

Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы 30 жылда 6 рет өзгерді. Соңғы түзетулер осыдан 3 жыл бұрын енгізілді. Сол редакция кезінде 33 бап қайта жазылды. Әсіресе әкімшілік жүйедегі құқықтық салада біраз жаңашылдық болды. Алдымен Президенттің тапсырмасымен алқабилердің қарауына берілетін істердің санаты артты. Сосын адам құқығы жөніндегі уәкілдің мәртебесі бекіді. Конституциялық сот қайта құрылып, Конституцияға қайшы заңдар мен шешімдер өзгертілді. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты сарапшыларының айтуынша, мұның бәрі демократиялық институттардың дамуына айтарлықтай әсер етті.

  Айгерім Әбдірашитова, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Саяси зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы:

Президенттің қазіргі кезде ұсынған бір қағидасы - Күшті Президент. Ықпалды Парламент және есеп беруші Үкімет. Осы принципке сәйкес әрбір билік тармағының және әрбір институттың рөлі көрсетілген. Парламентте опозиция заң жүзінде бекітілді. Яғни, олар коалиция құрып, өздерінің топтарын құруға мүмкіндік алды.

Жанел Өтеулі 

Хабарламаларға жазылу