Спорт күні: 150-ге жуық спорттық іс-шара өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Спорт күні: 150-ге жуық спорттық іс-шара өтеді

15.08.2025

Қазақстанда жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күні аталып өтеді. Биыл мереке аясында еліміздің барлық өңірінде 150-ге жуық спорттық іс-шара ұйымдастырылмақ. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз өкілдері хабарлады. Биыл алғаш рет министрлік қолдауымен екі ірі республикалық жоба жүзеге асады. Атап айтқанда, 10-15 тамыз күндері елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде өңірлік дене шынықтыру және спорт мекемелері қызметкерлері арасында республикалық турнир өтеді. Екіншісі «Спорт ардагерлерінің бірінші форумы» мен спорт ардагерлері арасындағы жарыс ұйымдастырылады. Сондай-ақ барлық облыста бірнеше олимпиадалық және ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтеді. Оған балалар да, жастар да тіпті зейнеткерлер де қатыса алады. Сонымен қатар біршене спорт кешенін ашу жоспарланған.  

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу