Қырғызстандағы еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында 10 құжатқа қол қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстандағы еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында 10 құжатқа қол қойылды

15.08.2025

Үкімет басшысы Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың қатысуымен өтіп жатқан Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты. Онда экономикалық әлеуетті нығайту, халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту, өзара сауданы дамыту, нарықтағы кедергілерді жоюға назар аударылды. Олжас Бектенов ынтымақтастықты дамытудың басым бағыттарын атап өтті. Қатысушылар көлік дәліздерін цифрландыру, еңбек нарығындағы біліктілік талаптарына қатысты пікір алмасты. Кездесу қорытындысы бойынша 10 құжатқа қол қойылды. Жиынға Қазақстан мен Қырғызстаннан бөлек, Ресей, Беларусь, Армения үкімет басшылары мен Иран, Өзбекстан, Куба елдерінің бақылаушылары мен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты. Кеңестің келесі отырысы биыл қыркүйекте Минск қаласында өтеді. 

Мақпал Ауғанбаева

Хабарламаларға жазылу