Пластик өндірісін шектеу жайлы жаһандық келіссөздер сәтсіз аяқталды
Женевада қоршаған ортаны пластикпен ластауды тоқтату жөніндегі жаһандық конференция сәтсіз аяқталды. Соңғы мәліметке қарағанда, 10 күнге созылған жиында ешқандай келісім жасалмаған.
Біріккен Ұлттар Ұйымы аясындағы келіссөздердің алтыншы раундына әлемнің 100-ге жуық елінен мыңнан астам делегат қатысты. Олардың бір бөлігі пластик өндірісін шектеуді, ал мұнай шығарушы мемлекеттер оны қайта өңдеуді ұсынып отыр.
Айта кетсек, 1950 жылы 2 миллион тонна пластик өндірілсе, 2022 жылы бұл көрсеткіш 475 миллион тоннаға жеткен. Қазір зиянды микропластиктер топырақтан, ауадан, тіпті адам ағзасынан да табылып жатыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05