Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты

14.08.2025

Премьер-министр Олжас Бектенов Қырғызстанда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты. Жиынға Қырғызстан, Беларусь, Ресей, Армения Республикаларының үкімет басшылары қатысты. Онда биыл 31 қаңтарда Алматыда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңесте берілген тапсырмалардың орындалу барысы пысықталды. Кедендік және салықтық әкімшілендіруді цифрландыру саласындағы интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарын жүзеге асыруға назар аударылды.

Сондай-ақ Олжас Бектенов «Қазақстан» шипажайының жаңа ғимаратының құрылыс алаңында болып, отандық курорттық-рекреациялық төрт нысанның жағдайымен танысты. 500 орындық «Самал» демалыс үйіне жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Қазір инвестор анықталып, жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Ыстықкөл облысында «Университет» спорттық-сауықтыру лагерін дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Нысан базасында қазақстандық спортшыларды жаттықтыруға арналған спорт залдары, бассейндер болады.

 Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу