Павлодарда астықты заңсыз экспорттағандар ұсталды
Павлодарда бидайды шетелге заңсыз экспорттаған екі бірдей шаруашылық иелеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал өткен жылы дәл осындай 22 жағдай тіркеліп, мемлекетке 4 млрд теңгеден астам шығын келген болатын. Күдіктілер Ресейдің арзан бидайын әкеліп, оған жалған құжат жасау арқылы Өзбекстан мен Ауғанстанға жіберіп отырған. Яғни, көрші мемлекеттің астығын Қазақстанда өсірілген деп құжат рәсімдеген. Сөйтіп олар қосымша құн салығын төлеуден жалтарады. Екіншіден, отандық диқандардың тоннасы 120 мың теңгеден сатылып жатқан бидайының құны 80 мың теңгеге түсіп қалған. Үшіншіден, халықаралық транзит тарифін төлемейді.
Жоламан Қиналбеков, Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы:
«Қазақстан темір жолында» жеңілдетілген тарифтер бар. Егер де өзіміздің Қазақстанның тарифі болғандықтан, ол 4 есе арзан болады. Бұл жобамен 400 мыңдай болса, басқа елдің бидайы болса, ол одан 4 есе артық 1 млн 600 мың теңге, 1 млн 800 мың аралығында болады.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16