6 айда Жетісу облысына 178 млрд теңге инвестиция тартылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

6 айда Жетісу облысына 178 млрд теңге инвестиция тартылған

14.08.2025

Алакөлдің жағасындағы инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Үшарал әуежайының ұшу-қону жолағы жөнделіп, өңірдегі кәріз және электр желілері жаңартылған. Бүгін Мемлекет басшысының қабылдауында болған Жетісу облысының әкімі осылай деді. Бейбіт Исабаевтың айтуынша, Балқашты дамытуға да басымдық беріледі. Бас жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін Алматы – Өскемен – Лепсі – Ақтоғай автожолының құрылысы аяқталады. Облыс әкімі биыл I жартыжылдықта өңірге 178 миллиард теңге инвестиция тартылғанын айтты. Нәтижесінде алдағы 2 жылда құны 2 трлн 600 млрд теңге болатын 128 жоба жүзеге аспақ. Атап айтқанда, тау-кен байыту комбинаты, «Қазақстан – Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы» индустриалды паркі, жел электр стансаларының зауыты, халықаралық әуежай салынады. Қасым-Жомарт Тоқаев қант өндірісін одан әрі дамытудың, тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз етудің, туристік инфрақұрылымды жетілдірудің және демалушыларға қолайлы жағдай жасаудың маңызына тоқталып, бірқатар тапсырма берді.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу