Павлодардағы «Жасыл ел» жасағы Ертіс жағасын тазалады
Павлодар қаласының «Жасыл ел» еңбек жасағы Усолка шағын ауданындағы Ертіс жағалауын қоқыстан тазартты. «Таза Қазақстан» жобасы аясында өткізіліп жатқан бұл жұмыстарға жаз бойы 500-ден аса ерікті қатысқан. Әр аптаның бейсенбісінде ұйымдастырылатын «Жер байлығы» акциясына қатысуға белсенді жастар өз еріктерімен ниет білдірген. Олар күл-қоқысты тазартумен шектелмейді, тұрғындарға қоршаған ортаны таза ұстау үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Гүзел Қапенова, облыстық «Жасыл ел» еңбек жасағының штаб командирі:
Осы Усолка шағын ауданының жағасын тазалаймыз және осы адамдар демалатын жерлердің барлығын, қоқыстарын жинап, осы жағалауды реттеуге, тазалауға үлес қосатын боламыз. Апта сайын бізде осындай шаралар өтіп жатады, осы акция аясында.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05