Қазақстан криптовалюталар мен цифрлық активтерді айналымға енгізуге дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан криптовалюталар мен цифрлық активтерді айналымға енгізуге дайын

14.08.2025

Қазақстан криптовалюталар мен цифрлық активтерді заңды әрі қауіпсіз айналымға енгізуге дайын. Ұлттық банк осылай дейді. Бұл - елден кеткен капиталды қайтаруға, көлеңкелі ақша айналымын ашық арнаға шығаруға және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға арналған қадам.

Әрине криптовалютаның өз тәуекелдері бар: бағасының тез өзгеруі, алыпсатарлықтың көбеюі және заңсыз мақсатта қолдану мүмкіндігі. Бірақ жаңа заң осы қауіптерді алдын ала зерттеп, оларды болдырмаудың амалын қарастырған. Ол үшін кешенді қорғау жүйесі әзірленген және алдағы уақытта цифрлық активтердің құқықтық мәртебесі нақты бекітіледі. Ал қызмет көрсетушілер міндетті түрде лицензия алады.

Арлен Молдабеков, ҚР Ұлттық банк инновация және цифрлық активтер басқармасының бастығы:

Біз қатаң реттеуді заманауи бақылау технологиялармен ұштастыруға бағытталып отырмыз. Лицензиялау және операцияларды тұрақты мониторингілеу күдікті транзакцияларды дер кезінде анықтау және бұғаттауға мүмкіндік беру керек. Блокчейн талдау құралдарын пайдалану активтердің қозғалысын қадағалауға және банктермен бірлесіп, оларды зерттеуге мүмкіндік береміз.

Елдос Есенбол

Хабарламаларға жазылу