Костенко шахтасындағы апат: Прокурор ең қатаң жаза тағайындауды сұрады
Прокурорлар 46 кеншінің өмірін жалмаған Костенко шахтасындағы апатқа кінәлілерді 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Тергеу дерегінше, апатқа дейін бір ай бұрын шахтада метан газының қауіпті деңгейі бірнеше рет тіркелген. Бірақ басшылық тарап оған назар аудармаған. 10 айыпталушының барлығы дерлік шахтада басшылық қызмет атқарған.
Әділ Садықов, облыстық Прокуратураның прокуроры:
Барлық дәлелді саралай келе, біз айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденді деп санаймыз. 46 адамның өліміне, сондай-ақ 26 адамның жарақат алып, мүгедек болуына әкелген қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін кінәлі деп тануды сұраймыз.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы қазан айында Костенко шахтасында апат болып, жерасты жұмыстарында 46 кенші қаза тапқан болатын. Онымен қоса 20-ға жуық адам жарақат алды. Прокурор төрт айыпталушыға 8 жыл, бесеуіне 7 жыл, біреуіне 6 жыл сұрады.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі шықты
23.10.2026, 13:15
Отандық тамақ өнеркәсібінде оң серпін бар
23.10.2026, 13:12
Мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындары ашылады
23.10.2026, 13:10
Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыты
23.10.2026, 13:08
Бельгиядағы қазақстандық студенттер тың бастама ұсынды
23.10.2026, 13:05
Қыста елорда тазалығына 1500 адам жұмылдырылады
23.10.2026, 13:02
Елде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді
23.10.2026, 13:00
Елордада «Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25