Президент есірткіге тәуелділерді емдеу-сауықтыру шараларымен жеткілікті деңгейде қамтуды тапсырды
«Мемлекеттік саясат нашақорларға кеңшілік танытып, ал есірткі саудасына қатаң және мүлде төзбеушілік ұстанымда болуға тиіс». Президент Қасым-Жомарт Тоқаев наркотизмге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланған Қауіпсіздік кеңесінің отырысында осылай мәлімдеді. Әрі есірткіге тәуелділерді емдеу-сауықтыру шараларымен жеткілікті деңгейде қамтуды тапсырды. Аталған індетке қатысты статистикалық мәліметтерді жинау мен өңдеу жұмысын жетілдіруді де міндеттеді. Химиялық заттардың таралуын қадағалау да кезек күттірмес мәселе екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Наркотизм – заманның дерті, қоғам үшін аса қауіпті. Ол жастардың болашағына балта шабады. Ұлт саулығына қатер төндіреді. Нашақорлық пен есірткі бизнесіндегі әлемдік үрдіс алаңдатарлық сипатқа ие болды. Көптеген елдің үкіметтері аталған проблеманы физикалық және психикалық тәуелділік қана емес, ауқымды қоғамдық, экономикалық және құқықтық құбылыс ретінде қарастыра бастады. Наркотизм термині мұндай тәсілдің мән-мағынасын ашады.
Данияр Қайыртай
Автор
Данияр Қайыртай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада жүзуден Әлем кубогы өтеді
08.09.2026, 17:35
Қарағанды облысында 122 бала білім жүлделерін алған
08.09.2026, 17:33
Семейді абаттандыру қарқын ала бастады
08.09.2026, 17:30
Талғардағы демалыс орындары мен күре жолдарды тазалады
08.09.2026, 17:27
Алматылықтарға Бас жопарға қатысты байланыс орталығы қосылды
08.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
08.09.2026, 17:22
Қызылордада көпбейінді аурухана жыл соңында ашылады
08.09.2026, 17:20
Мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 17:17