Павлодарда экологиялық таза өнім шығаратын зауыт салынып жатыр
Павлодарда қағаз және картон өңдіретін зауыт құрылысы басталды. Бұл Мемлекет басшысының ірі қалаларда қалдықтары өңдеу нысандарын салу және қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында қолға алынған жоба. Ерекшелігі утилизациялық төлем қаражаты есебінен жеңілдетілген қаржы беріледі. Яғни, жылдық 3% өсімімен 15 жылдан 2 жылға дейінгі жеңілдік кезеңімен ұсынылады. Қазір еліміздің әр өңірінде осындай 67 жоба мақұлданды. Павлодардағы зауыт арнайы экономикалық аумақта салынып жатқандықтан салық төлеу жағынан жеңілдік беріледі.
Гүлнар Қайдарова, «QazRoyalPac» ЖШС бас директоры:
Қазір Қазақстанға қағаз бен картон шетелден әкелінеді. Біз елімізде жиналған целлюлоза мен макулатураны қайта өңдеп, қағаз және картон өндіреміз. Жобаның құны – 16 млрд теңгеден асады. Қаржы «Жасыл даму» АҚ арқылы, яғни утилизациялық алым есебінен Өндірісті дамыту қоры тарапынан бөлінеді.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16